Telegram Web Link
Challenge Cup-2025: Милад Карими мен Дмитрий Патанин Сомбатхейде финалға шықты

Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge Cup сериясының соңғы кезеңі өтуде.

Іріктеуде 🇰🇿Қазақстан құрамасынан Милад Карими мен Дмитрий Патанин финалға жолдама алды.

Турнирге 38 елден спортшылар қатысуда. Қазақстан сапында Карими, Патанин, Диас Тойшыбек пен Роман Мамедов өнер көрсетіп жатыр.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥52👏2
🥇Дмитрий Патанин Challenge Cup кезеңінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық гимнаст еркін жаттығуда 13.900 ұпай жинап, Болгария мен Израиль спортшыларын артта қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, Challenge Cup кезеңі 26 қыркүйекте Венгрияның Сомбатхей қаласында басталып, 28 қыркүйекке дейін жалғасады.

Бүгін финалда тағы бір отандасымыз Милад Карими сынға түседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏31
"Астана" велошабандозы Малайзиядағы жарысты жеңіспен бастады

Атақты велошабандоз Александр Винокуровтың қос ұлы да бүгін Малайзиядағы көпкүндікте жарыс жолына шықты.

XDS Astana Team командасы Малайзиядағы көпкүндік "Лангкави Туры" веложарысын жеңіспен бастады. Алғашқы кезең Лангкавидегі Куах қаласында өтті. Онда астаналық Маттео Малучелли жаппай спринтте мықтылығын көрсетті.

Кезең қорытындысы бойынша Малучелли жалпы классификацияда көшбасшылыққа шығып, сондай-ақ көпкүндіктің үздік спринтері жейдесін иеленді.

"Лангкави Турында" Маттео Малучеллимен қатар Аарон Гейт, Николя Винокуров, Антон Кузьмин және XDS Astana Team велошабандоздары Лев Гонов пен кіші Александр Винокуров та өнер көрсетуде.

Бүгін 28 қыркүйек басталған жарыс 5 қарашаға дейін жалғасады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👏2🔥1
👑«Реал Мадрид» Алматыға келе жатыр

Мадридтік команда Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да ұшты. Ұшу уақыты 8 сағат 20 минутқа созылып, ойыншылар мінген ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады.

30 қыркүйек күні «Реал» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы ойында «Қайратқа» қарсы алаңға шығады. Басталуы – 21:45. Qasport және Qazaqstan телеарналары ойыннан тікелей хабар таратады.

Айта кетейік, «Реал» «Қайратпен» ойынға барлық жұлдыздарын әкеледі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏74🥰1🙈1
🇰🇿Қазақстандық спортшылар Варнада (Болгария) өткен батуттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде 🥉қола жүлдеге ие болды.

Синхронды аралас секіру бағдарламасында Ерлан Тасмагамбетов пен Виктория Бутолина үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, жарыстар 24 қыркүйекте басталып, 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍5
Милад Карими Мажарстанның Сомбатхей қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінде 🥇алтын медаль жеңіп алды.

Ол керме жаттығуында финалда 14.750 балл жинап, бірінші орынға ие болды. Екінші орында – колумбиялық Анхель Барахас (14.650), үшінші орында – чилилік Лучиано Летелиер (14.250).

Осылайша, 🇰🇿Қазақстан жарысты екі алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін Дмитрий Патанин еркін жаттығуда топ жарған еді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматылықтар 👑«Реал Мадрид» командасын сән-салтанатпен қарсы алды

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏31🔥1
Әлемдік рейтингте жұптық сында 13-орында тұрған Анна Данилина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады. Ол сербиялық Александра Круничпен бірге алғашқы айналымда Магда Линетт пен Клара Таусонды 6:4, 6:2 есебімен ұтты.

Енді олар 1/4 финалға шығу үшін америкалық Николь Меликар және ресейлік Людмила Самсоновамен кездеседі.

💰Турнирдің жүлде қоры – 8,96 млн доллар.

Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 1/16 финалда неміс Ева Лиске 6:3, 1:6, 6:4 есебімен есе жіберіп, жарысты ерте аяқтады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥1🥰1
🇪🇺 УЕФА "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчында қызмет ететін төрешіледің есімдерін жариялады

Тарихи матчта 🇮🇹италиялық мамандар қызмет етеді.

Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Қайрат" (Алматы) пен "Реал" (Мадрид) матчының төрешілер құрамын бекітті. Кездесуде италиялық арбитрлер тобы төрелік етеді.

Бас төреші болып Марко Гуида тағайындалды. Оған қапталдағы көмекшілер Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Қосалқы төреші қызметін Симоне Соцца атқарады. 💻VAR жүйесіне Марко Ди Белло мен Алеандро Ди Паоло жауап береді.

Айта кетейік, бүгін 29 қыркүйек Қазақстан уақытымен сағат 13:00-де "Қайрат", ал 17:15-те "Реал" командасының баспасөз мәслихаты 📺QAZSPORT арнасында тікелей эфирде өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3👌1🤝1
Шетелдік басылымдар алдағы тарихи матч жайлы жарыса ✍️жазуда. Солардың бірі белгілі спорттық портал Sportskeeda.com Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» (Алматы) пен «Реал» (Мадрид) арасындағы ойын жайлы пікір білдірді.
«Қайратты» ауыр сынақ күтіп тұрғанына қарамастан, олар турнир тарихындағы ең табысты командаға қарсы өздерінің төзімділігін көрсеткісі келеді. Дегенмен, қазақстандық клуб «Реалға» тең емес. Мадридтіктер алаңның әр позициясында әлемдік деңгейдегі жұлдызды ойыншыларға бай. Сондықтан біз «Қайрат» жанкүйерлерінің көз алдында жеңіліс табады деп болжап отырмыз», – делінген хабарламада.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔3😱2🤯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎙Рафаэль Уразбахтин: "Реал" сияқты клубтың кемшілігі көп емес

"Қайрат" - "Реал" матчында алматылық клубтың қақпасын 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғайтын болды.

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы "Реалға" қарсы матч алдында өз ойымен бөлісті. Рафаэль Радикұлының айтуынша, оның шәкірттері қарсыластың әлсіз тұстарымен танысқан және команда батыл ойнауды көздеп отыр.

✍️Толығырақ: https://inbusiness.kz/kz/news/rafael-urazbahtin-real-siyakty-klubtyn-kemshiligi-kop-emes
https://inbusiness.kz/kz/news/rafael-urazbahtin-real-siyakty-klubtyn-kemshiligi-kop-emes
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥61👍1
Алматыда 👑«Реал Мадрид» командасының бас бапкері Хаби Алонсоның қатысуымен баспасөз мәслихаты басталды

Тікелей эфир
🔴🟥📹https://qazsporttv.kz/ru/live

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттап, қомақты сыйақы табыстады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍4🥰2
🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠

Бүгін, 30 қыркүйек күні, Алматының “Қайраты” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында Мадридтің “Реалын” қабылдайды.

Матч Алматыдағы🏟“Орталық” стадионда өтеді және сағат 21:45-те басталады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥52👌1
🇮🇳Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен 11-ші Азия чемпионатында қазақстандықтар екі күміс медаль жеңіп алды.

Қазақстандық спортшылардың нәтижелері:

🥈Глеб Коваленя – 50 м еркін әдіс (22.81 с)
🥈Айбат Мырзамұратов – 50 м брасс (28.04 с)

🏊‍♂️Артур Миронов – 5-орын (50 м брасс)
🏊‍♂️Әділбек Мусин – 6-орын (50 м еркін)
🏊‍♀️София Әбубәкірова – 6-орын (50 м еркін)
🏊‍♀️Софья Сподаренко – 8-орын (50 м еркін)
🏊‍♂️Лев Черепанов – 6-орын (1500 м еркін).

Эстафета 4×200 м еркін жүзу – 🇰🇿Қазақстан командасы 5-орынға табан тіреді (7:33.36).

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍63🥰1
🏀«Астана» баскетбол клубы Абу-Дабидегі турнирді жеңіспен бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Абу-Даби халықаралық баскетбол турнирін қабылдауда.

Abu Dhabi International Basketball Championship 2025 жарысы 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Әл-Жазира» клубының жабық спорт кешенінде өтуде.

Чемпионатта мықты жергілікті, аймақтық және халықаралық клубтар бақ сынауда. Атап айтқанда:

🔹Әл-Вахда, Әл-Дафра және Шарджа лигасы чемпионы (БАӘ)
🔹Әл-Рияди және Шамвиль (Ливан)
🔹TNT Tropang Giga — Филиппин баскетбол қауымдастығының вице-чемпионы
🔹 ⁠«Астана» — Қазақстан чемпионы
🔹Әл-Курайн (Кувейт)

«Астананың» алғашқы қарсыласы Кувейттің «Әл-Курайн» клубы болды. Кездесу 101:58 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды.
Ең нәтижелі ойыншылар қатарында Александр Жигулин (22 ұпай, 5 рет доп қағып алды) және Роберт Пан (20 ұпай) болды.

1 қазан күні елордалық команда Ливанның «Шамвиль», 2 қазан күні «Әл-Вахда» (БАӘ) командасымен кездеседі.
Одан кейін командалардың алған орындарына байланысты плей-офф кезеңі өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥2👏1
1–4 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі халықаралық турнир – ISU Challenger сериясындағы Денис Тенді еске алу турнирі өтеді. Биылғы жарыстың қатысушылар құрамы өте мықты. Олардың арасында 2026 жылғы 🏃Олимпиада жүлдесіне үміткерлер де бар.

ISU деректеріне сүйенсек, Алматыда өтетін турнирде бірқатар танымал спортшылар да бақ сынамақ. Олардың қатарында 🇬🇪Грузиядан – Ника Эгадза, 🇰🇷Кореядан – Чха Чжун Хван, 🇺🇸АҚШ-тан – Джейсон Браун және басқалар бар.

Жарыста ерлер мен әйелдердің жекелей сырғанауында, сондай-ақ мұздағы билерде медальдар сарапқа салынады.

Халықаралық конькишілер одағының мәліметінше, турнирде 🇰🇿Қазақстан атынан келесі спортшылар қатысады

Ерлер
Михаил Шайдоров
Диас Жиренбаев
Никита Кривошеев
Олег Мельников

Әйелдер
София Фарафонова
Амира Ирматова
Вероника Коваленко
Нурия Сулеймен
Амина Алексеева
Карина Исакова
Русалина Шакирова

Мұздағы билер
Бойсангур Датиев / Гаухар Наурызова

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥2👏1
2025/10/22 04:44:29
Back to Top
HTML Embed Code: