Telegram Web Link
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

«Ән-Нәжм» сүресі, 26-аят:

وَكَمْ مِنْ مَلَكٍ فِي السَّمَاوَاتِ لا تُغْنِي شَفَاعَتُهُمْ شَيْئًا إِلا مِنْ بَعْدِ أَنْ يَأْذَنَ اللَّهُ لِمَنْ يَشَاءُ وَيَرْضَى (٢٦)

«Көктерде қаншама періштелер бар, бірақ Аллаһ қалап, разы болған құлына рұқсат бермейінше, олардың шапағаты еш нәрсеге жарамайды!»
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

🍃 «Сәба» сүресі, 22-23 аяттар:

قُلِ ادْعُوا الَّذِينَ زَعَمْتُمْ مِنْ دُونِ اللَّهِ لا يَمْلِكُونَ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ فِي السَّمَاوَاتِ وَلا فِي الأرْضِ وَمَا لَهُمْ فِيهِمَا مِنْ شِرْكٍ وَمَا لَهُ مِنْهُمْ مِنْ ظَهِيرٍ (٢٢)وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)

“(Мухаммад,) оларға: «Көктерде де, жерде де тозаңның салмағындай түкке ие бола алмайтын, екеуіндегі иелікке бір ортақтығы жоқ, сондай-ақ Аллаһқа олардың ешбіреуі көмекші де емес Аллаһтан өзге кұдай санайтындарыңды шақырыңдар», - де. Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббыларың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі”.
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم طلحة أبو علي

٨. تفسير السورة : ",الإخلاص"، "الفلق"، "الناس".

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Жетінші сабақ.
- "әл-Ихләс", "әл-Фәләқ", "ән-Нәс", сүрелерінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
Кіріспе_мен_қысқа_сүрелердің_тәпсіріне_қатысты_тексеріс_сұрақтары.pdf
359.1 KB
📝 "Бүкіл үммет үшін маңызды сабақтар" кітабының кіріспе мен қысқа сүрелер тәпсіріне қатысты емтихан сұрақтары
Audio
🍃Абу әл-Аббас былай деді: «Аллаһ көпқұдайшылдар үміт ететін барлық нәрсені теріске шығарды. Ол Одан басқа ешкім өздігінше ешбір нәрсеге ие емес екенін және оған иелік жасауда ортақтас та емес екенін хабарлады. Ол сондай-ақ Аллаһта көмекшілер жоқ екенін де хабар етті. Сөйтіп, тек шапағат қана қалады, алайда ол тек Раббы рұқсат еткендерге ғана көмек береді. Бұған байланысты Аллаһ былай деді:
وَلا يَشْفَعُونَ إِلا لِمَنِ ارْتَضَى
«Олар тек Ол разы болғандарға ғана шапағат жасайды» («әл-Әнбия» сүресі, 28-аят).
Қиямет Күні көпқұдайшылдардың тәуекел ететін шапағаты болмайды, өйткені Құран мұны теріске шығарады....
Мұндай шапағат Аллаһтың рұқсатымен жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық еткен адамдарға ғана жасалады, ал Аллаһқа серік қосқандар оны ала алмайды...
Құран құрамында көпқұдайшылықтан әлдебір нәрселер болған шапағатты кері қайтарады... Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сондай-ақ шапағат жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде құлшылық еткен бірқұдайшыл адамдарға ғана жасалатынын түсіндіріп берді».
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم: طلحة أبو علي

٩. معنى شهادة لا إله إلا الله، أركانها، فضائلها و شروطها

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Сегізінші сабақ.
"Лә иләһа иллә-Лллаһ" (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ) куәлігінің мағынасы, қадір-қасиеті, рүкін-тіректері және шарттары.
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ОН СЕГІЗІНШІ ТАРАУ:📚

Аллаһ Тағаланың:

إِنَّكَ لا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (٥٦)

«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі», - деген сөздері туралы («әл-Қасас» сүресі, 56-аят).
Audio
🍃Әл-Бухаридің “әс-Сахихында” былай деп келтіріледі: «Абу Талиб өлім тұсында болғанда оған Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келді. Сол кезде оның жанында Абдуллаһ ибн Абу Умайя мен Абу Жәхл болатын. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: “Уа көке, «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» деп айтшы. Бұл сөздерді мен Аллаһтың алдында сен үшін құжат етейін”, - деді. Әлгі екеуі оған: «Сонда сен Абд әл-Мутталибтің дінінен бас тартпақсың ба?» - деді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз айтқан сөзін қайталады, әрі олар да өз айтқандарын қайталады. Әрі оның соңғы сөздері ол Абд әл-Мутталибтің дінінде қалатыны, әрі Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екенін жариялаудан бас тартатыны болды...
Сонда Абу Талибке қатысты Аллаһ Тағала келесі аятты түсірді:
«Расында, жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Аллаһ кімді қаласа, соны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол тура жолмен жүрушілерді жақсы біледі» («әл-Қасас» сүресі, 56-аят)» (әл-Бухари).
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:
Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Аса Құдіретті Аллаһ Тағала былай деді:

يَا أَهْلَ الْكِتَابِ لا تَغْلُوا فِي دِينِكُمْ وَلا تَقُولُوا عَلَى اللَّهِ إِلا الْحَقَّ إِنَّمَا الْمَسِيحُ عِيسَى ابْنُ مَرْيَمَ رَسُولُ اللَّهِ وَكَلِمَتُهُ أَلْقَاهَا إِلَى مَرْيَمَ وَرُوحٌ مِنْهُ فَآمِنُوا بِاللَّهِ وَرُسُلِهِ وَلا تَقُولُوا ثَلاثَةٌ انْتَهُوا خَيْرًا لَكُمْ إِنَّمَا اللَّهُ إِلَهٌ وَاحِدٌ سُبْحَانَهُ أَنْ يَكُونَ لَهُ وَلَدٌ لَهُ مَا فِي السَّمَاوَاتِ وَمَا فِي الأرْضِ وَكَفَى بِاللَّهِ وَكِيلا (١٧١)

«Әй, Кітап иелері! Діндеріңде артық кетпеңдер. Аллаһқа қатысты шындықты ғана айтыңдар» («ән-Ниса» сүресі, 171).
Audio
🍃 Әл-Бухаридің «әс-Сахихында» Аллаһ Тағаланың: “Олар зор айлакерлік ойластырды және: «Құдайларыңды тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғус, Яғуқ және Насырды әсте тастамаңдар», - деді” («Нух» сүресі, 71: 21-23 аяттар)» - деген сөздеріне Ибн Аббастың жасаған тәпсірі келтірілген. Ол былай деді:
«Бұл – Нұх қауымындағы салиқалы адамдардың есімдері. Олар қайтыс болғаннан кейін шайтан олардың қауымына өздері жиналатын орындарда олардың ескерткіштерін орнатуды әрі оларды солардың есімдерімен атауды үйретіп азғырды да, олар бұл азғыруды орындады. Олар осылай істеді, бірақ алғашында оларға құлшылық етпейтін. Бұл ескерткіштерді орнатқандар қайтыс болып, білім ұмытылған соң адамдар оларға құлшылық ете бастады» (әл-Бухари 4920).
Ибн әл-Қайим былай деді: “Кейбір ертедегі мұсылмандар былай деп хабарлаған: «Олар қайтыс болғаннан кейін адамдар солардың қабірлерінде ыждағаттылықпен намаз оқитын болды, кейін олардың мүсіндерін орнатты, ал біраз уақыт өте келе, олар соларға құлшылық ете бастады»”.
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم: طلحة أبو علي
١٠. معنى شهادة محمد رسول الله

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Тоғызыншы сабақ.
"Мухаммад - расулу-Ллаһ" (Мухаммад - Аллаһтың елшісі) куәлігінің мағынасы, қадір-қасиеті, және шарттары.
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 “Умардың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен ол Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Христиандар Мәриям ұлы Исаны ұлықтағанындай мені ұлықтамаңдар. Мен бар болғаны құлмын, сондықтан да: «Аллаһтың құлы әрі Оның Елшісі», - деп айтыңдар», – дегенін естігені туралы жеткізілген” (Бухари 3445, Ахмад 55, 47, 24, 23/1).
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:
Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шектен шығушылықтан сақтаныңдар, өйткені шектен шығушылық сендерден бұрынғыларды опат етті», - деді (Ахмад «Муснадта» 347 215/1, Ибн Мәжаһ 4029, Ибн Хазм 2867, Хаким 466/1).
Audio
📚ОН ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ:

Адамдардың күпірлігінің және діндерін тастауының себебі ізгі-салиқалы кісілерді шектен тыс ұлықтауы болып табылатындығы туралы

🍃 Муслим Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Артық кетушілер жоқ болып жойылды», - деп айтып, осыны үш рет қайталағандығы туралы Ибн Масғудтың хадисін жеткізеді (Муслим 2680, Абу Дауд 4608, Ахмад 386/1).
Audio
📚ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ📚

Ізгі салиқалы адамның өзіне немесе оның қабіріне құлшылық етуді айтпағанның өзінде, Аллаһқа ізгі-салиқалы адамның қабірінің жанында құлшылық етуге болмайтындығы туралы

🍃 Әл-Бухари мен Муслимнің «әс-Сахихтарында» (бірде) Умм Сәләма Аллаһ Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Эфиопияда көрген шіркеуі және ондағы иконалар туралы баяндағаны жайындағы Айшаның хадисі келтіріледі. Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Оларда салиқалы кісі немесе (Аллаһтың) ізгі пендесі қайтыс болса, олар оның қабірінің үстіне ғибадатхана құрады да, оның ішіне осы суреттерді салады. Қиямет Күні мұндай адамдар Аллаһтың алдында жаратылыстардың ең жамандары болады» (әл-Бухари 427, Муслим 528, Ахмад 51/2).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم: طلحة أبو علي
١١. تعريف الإيمان و أركانه

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Оныншы сабақ.

Иманның анықтамасы және алты тірегі.
71__birqydaishylyq_fauzan
<unknown>
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ КІТАБЫ

📚ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ:

Ізгі салиқалы адамның өзіне немесе оның қабіріне құлшылық етуді айтпағанның өзінде, Аллаһқа ізгі-салиқалы адамның қабірінің жанында құлшылық етуге болмайтындығы туралы

☘️ Айша (анамыздың) және Абдуллаһ ибн Аббастың, Аллаһ оларға разы болсын, сөздерінен былай деп жеткізілген: «Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) жан тапсыруы жеткен кезде жамылғысын бетіне жаба бастады да, ал (тыныс алуы) қиындаған соң, оны бетінен алып тастады, әрі ол осындай күйінде: «Өз пайғамбарларының қабірлерін намаз оқу орындарына айналдырған яһудилер мен христиандарды Аллаһ лағынеттесін!», - деп, (мұсылмандарды осы адамдар) істеген нәрселерді қайталаудан сақтандырып ескертті. Әрі егер оның (осы) сөздері болмағанда, (сахабалар) оны ашық жерге жерлейтін еді. Алайда (адамдар оның қабірін) мешітке айналдыруы қауіпінен бұл жасалмады» (әл-Бухари 435, Муслим 531).
2025/10/24 17:07:50
Back to Top
HTML Embed Code: