Telegram Web Link
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٢. أنواع التوحيد و الشرك. الإحسان.

اللغة القازاقية
المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он бірінші сабақ.

Таухидтің (бірқұдайшылықтың) және ширктің түрлері. Ихсан.
Ислам,_иман,_ихсан_баптарына_қатысты_тексеріс_сұрақтары.pdf
243.7 KB
📌 «Бүкіл үммет үшін маңызды сабақтар» кітабының ислам, иман, ихсан туралы сабақтар бойынша тексеріс сұрақтары
Ислам,_иман,_ихсан_баптарына_қатысты_тексеріс_сұрақтары.doc
97 KB
📌 📝 «Бүкіл үммет үшін маңызды сабақтар» кітабының ислам, иман, ихсан туралы сабақтар бойынша тексеріс сұрақтары
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ КІТАБЫ

📚ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ:

🍃 Муслим Жундуб ибн Абдуллаһтың (Аллаһ оған разы болсын) былай деп баяндағанын жеткізген: «Мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қайтыс болуынан бес күн бұрын былай деп айтқанын естідім: “Мен сендердің араларыңнан сүйіктім болудан Аллаһтың алдында тазамын. Аллаһ Ибраһимді Өзінің сүйіктісі еткеніндей, мені де Өзінің сүйіктісі етті. Бірақ егер мен өз үмметімнің ішінен сүйікті таңдап алатын болғанымда онда Абу Бакрді сүйіктім етіп таңдар едім.
Расында, сендерден бұрынғылар өз пайғамбарларының қабірлерін ғибадатханаларға айналдырды. Бірақ сендер қабірлерді мешіттерге айналдырмаңдар, өйткені мен сендерге мұны тыйым саламын”» (Муслим 532).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٣. شروط الصلاة

اللغة القازاقية
المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он екінші сабақ.

Намаздың жарамды болуының шарттары
Audio
📚ЖИЫРМАСЫНШЫ ТАРАУ:

🌿 «Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мұны өмірінің соңында тыйым салды әрі тіпті өлім тұсында бола тұра, мұндайды жасайтындарды лағынеттеді.
Ал қабірлердің жанында намаз оқу да осыған жатады, тіпті қабірдің үстіне мешіт құрылмаған болса да. Әрі Айшаның (Аллаһ оған разы болсын): «Алайда (адамдар) оның қабірін мешітке айналдырады деген қауіптен бұл жасалмады» сөздерінің мән-мағынасы да дәл осыда. .... Әрі әлдебір орын онда намаз оқу үшін мақсат етіп алынса, сол оның мешіт етіп алынғаны болып саналады. ... Бұл туралы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «...Жер мен үшін масжид (мешіт, намаз оқылатын орын), таза әрі тазартушы етілді», - деп айтты (әл-Бухари 1/369, 370 және 444, Муслим (521)).

☘️ Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардың ішіндегі ең жамандары - солардың өмір сүру кезінде Қиямет басталатын (адамдар) және қабірлерді мешіттерге айналдыратындар», - деп айтқан. (Ахмад «Муснадта» 435/1, Ибн Хиббан өзінің жинағында 340).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٤. أركان الصلاة

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он үшінші сабақ.

Намаздың рүкін-тіректері
Audio
АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚ЖИЫРМА БІРІНШІ ТАРАУ: 📚

Ізгі-салиқалы адамдамдардың қабірлерін шектен тыс құрметтеу олардан Аллаһтан басқа құлшылық жасалатын пұттар жасайтыны туралы

🍃Имам Мәлик өзінің «Мууатта» атты хадистер жинағында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан хадисін жеткізеді: «Я, Аллаһ! Менің қабірімді құлшылық жасалатын пұтқа айналдырма. Ақиқатында, пайғамбарларының қабірлерін ғибадат орындарына айналдырған адамдарға Аллаһтың ашу-ызасы қатты» (Мәлик «Мууатта» 85, Ахмад «Муснад» 246/2).
Audio
🍃Ибн Жәрир (Аллаһ оны рахымына бөлесін) Мансурдан Мужәһидтің Аллаһ Тағаланың:
أَفَرَأَيْتُمُ اللاتَ وَالْعُزَّى (١٩)
«Ләт пен Уззаны көрдіңдер ме?» - деген сөздері туралы: «Ол (Ләт) оларға жармадан ботқа жасап беретін еді, ал ол өлген соң адамдар оның қабірінде құлшылық жасайтын болды», - деп айтқандығы туралы Суфиянның хадисін жеткізді. Тура осыны Абу Жәуза Ибн Аббастан оның: «Ол қажыларға жармадан ботқа пісіріп беретін еді», - деп айтқанын жеткізген.

🍃Ибн Аббастан (Аллаһ олардың екеуіне разы болсын) оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабірлерді зиярат ететін әйелдерді және олардың үстіне мешіттер құратындар мен шырақ жағатындарды лағынеттеді» (Абу Дауд 3236, әт-Тирмизи 320, Ибн Мәжаһ 1575, Ахмад «Муснадта» 337, 324, 287, 229/1).
Audio
📚 ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ:

Таңдаулы Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таухидтің қолсұғылмаушылығын қорғайтын әрі ширкке алып баратын кез-келген жолға бөгет қоятын

Аллаһ Тағала былай деді:

لَقَدْ جَاءَكُمْ رَسُولٌ مِنْ أَنْفُسِكُمْ عَزِيزٌ عَلَيْهِ مَا عَنِتُّمْ حَرِيصٌ عَلَيْكُمْ بِالْمُؤْمِنِينَ رَءُوفٌ رَحِيمٌ (١٢٨)


«Расында, сендерге іштеріңнен бір Елші келді. Оған қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүминдерге өте жұмсақ, ерекше рахымды» («әт-Тәуба» сүресі, 128-аят).
Audio
📚 ЖИЫРМА ЕКІНШІ ТАРАУ:

Соңы

🍃Абу Хурайра (оған Аллаһ разы болсын) адамдарға Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндайтын: «Үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар, әрі менің қабірімнен адамдар оған мерзімді түрде жиналып тұратын орын жасамаңдар. Мен үшін салауат тілеңдер, өйткені сендердің салауаттарың қайда болсаңдар да маған жетеді» (Абу Дауд 3422, имам Ахмад 367/2, шейх әл-Әлбани «Сахих әл-жәмиде» 7226).

🍃Али ибн әл-Хусайнның бірде Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қабіріне тақала жақындап, сол жерде Аллаһқа дұға етіп жалбарынған адамды көргені жәнк оған мұны істеуге тыйым салып, былай деді: «Мен сендерге өзімнің әкемнен атам (Али ибн Аби Толиб) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін естігенін хабарлайын: “Менің қабірімнен адамдар мерзімді түрде жиналатын орын жасамаңдар, әрі үйлеріңді қабірлерге айналдырмаңдар, өйткені сендердің сәлемдерің қай жерде болсаңдар да маған жетеді”» ( әл-Мақдиси “әл-Мухтарада”).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٥. واجبات و مستحبات الصلاة

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он төртінші сабақ.

Намаздың уәжіптері;
Ташаһһудты орындау үлгісі;
Намаздың мұстаһаб құрамдас бөліктері.
Audio
📚 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:

Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы

Аллаһ Тағала былай деді:

أَلَمْ تَرَ إِلَى الَّذِينَ أُوتُوا نَصِيبًا مِنَ الْكِتَابِ يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ وَيَقُولُونَ لِلَّذِينَ كَفَرُوا هَؤُلاءِ أَهْدَى مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا سَبِيلا (٥١)

«Сондай өздеріне Кітаптан үлес берілгендерге қарамайсың ба? Олар жибт пен тағутқа иман келтіреді де, кәпірлерді: «Бұлар мүминдерге қарағанда туралау жолда», - дейді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).
Audio
Пәк Аллаһ Тағала былай деді:

قُلْ هَلْ أُنَبِّئُكُمْ بِشَرٍّ مِنْ ذَلِكَ مَثُوبَةً عِنْدَ اللَّهِ مَنْ لَعَنَهُ اللَّهُ وَغَضِبَ عَلَيْهِ وَجَعَلَ مِنْهُمُ الْقِرَدَةَ وَالْخَنَازِيرَ وَعَبَدَ الطَّاغُوتَ أُولَئِكَ شَرٌّ مَكَانًا وَأَضَلُّ عَنْ سَوَاءِ السَّبِيلِ (٦٠)

«(Уа, Мухаммад, оларға:) «Сендерге Аллаһтың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба? Олар – Аллаһ оларды лағынеттеп, оларға ашуланған, және оларды маймылдар мен доңыздарға айналдырғандар, және тағутқа табынғандар», - де» («әл-Мәида» сүресі, 60-аят).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٦. مبطلات الصلاة

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он бесінші сабақ.

< Намазды бұзатын іс-әрекеттер;
< Намаздың рүкіні, уәжібі, мустахабы арасындағы айырмашылықтар;
< Саһу сәждесі;
< Бес уақыт парыз намаздардан бөлек намаздарға қысқаша шолу.
Audio
📚 ЖИЫРМА ҮШІНШІ ТАРАУ:

Бұл үмметтің бір бөлігі пұттарға табынатындығы туралы

Аллаһ Тағала былай деп айтты:
قَالَ الَّذِينَ غَلَبُوا عَلَى أَمْرِهِمْ لَنَتَّخِذَنَّ عَلَيْهِمْ مَسْجِدًا (٢١)
“Ал олардың іс басындағылары: «Біз міндетті түрде олардың үстіне мешіт тұрғызамыз», - деді” («әл-Кәһф» сүресі, 21-аят).

📌Абу Сағидтың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен оның былай деп айтқаны жеткізіледі: “(Бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Ақиқатында, сендер өздеріңнен бұрын өмір сүргендердің әдетіне ізбе-із және шынтақ-шынтақпен ілесетін боласыңдар. Тіпті егер олар кесірткенің ініне кіріп кетсе де, сендер де міндетті түрде солардың ізінен еріп кететін боласыңдар!» Біз: «Уа, Аллаһтың Елшісі, сіз яһудилер мен христиандарды меңзеп тұрсыз ба?», — деп сұрадық, ал ол: «Басқа кімді?!», - деп жауап берді” (әл-Бухари, 3456; Муслим, 2669).
Audio
🍃 Саубаннан, оған Аллаһ разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі:
«Расында, мен үмметімде адасушылыққа салатын имамдардың пайда болуынан қауіптенем. Әрі егер оның төбесінен қылыш түссе, онда ол Қияметке дейін көтерілмейді (қайта алынбайды). Ә рі менің үмметімнің тірі қалғандары көпқұдайшылдарға қосылмайынша және олардың бір бөлігі пұттарға құлшылық ете бастамайынша (Қиямет) Сағаты келмейді. Әрі менің үмметімде отыз өтірікші дүниеге келеді. Олардың әрқайсысы өзін пайғамбар деп жариялайды, ал (шындығында) мен – пайғамбарлардың соңғысымын, әрі менен кейін пайғамбар болмайды. Бірақ менің үмметімде үнемі ақиқатты ұстанатын әрі жеңіске жететін бір топ адамдар болады, және оларды көмексіз қалдырғандар оларға Аллаһтың әмірі келмейінше зиян тигізе алмайды».
Audio
📖🎙🔈  دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز  بشرح الشيخ هيثم سرحان

١٧. صفة الصلاة

اللغة القازاقية

المترجم: طلحة أبو علي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Он алтыншы сабақ.

- Намаздың сипаттамасы
📌 Наным-сенімің дұрыс па, тексеріп көр?

https://www.tg-me.com/imani_negizder
Audio
ЖИЫРМА ТӨРТІНШІ ТАРАУ:

📌 Сиқыр туралы

Аллаһ Тағала былай деді:

وَلَقَدْ عَلِمُوا لَمَنِ اشْتَرَاهُ مَا لَهُ فِي الآخِرَةِ مِنْ خَلاقٍ
«Расында, олар (Тауратты сиқырға айырбастаған яһудилер) осыны иемденгендерге (Аллаһтың Кітабының орнына сиқыр үйренгенге) Ақыретте несібе жоқтығын білді» («әл-Бақара» сүресі, 102-аят).

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
يُؤْمِنُونَ بِالْجِبْتِ وَالطَّاغُوتِ

«Олар (яһудилер) жибт пен тағутқа иман келтіреді» («ән-Ниса» сүресі, 51-аят).

Умар, оған Аллаһ разы болсын, былай деді: «Жибт – бұл сиқыр. Тағут – бұл шайтан».

Жәбир, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, былай деді: «Тағуттар – бұл оларға шайтан түсетін сәуегей-көріпкелдер, әрі әр (тайпада) бір-бір көріпкелден бар болатын»».
2025/10/24 03:29:02
Back to Top
HTML Embed Code: