116_117. birqudaishylyq fauzan
ABUHANIFA.KZ
📍 ОТЫЗ ТӨРТІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһ Тағаланың:
أَفَأَمِنُوا مَكْرَ اللَّهِ فَلا يَأْمَنُ مَكْرَ اللَّهِ إِلا الْقَوْمُ الْخَاسِرُونَ (٩٩)
«Сонда олар Аллаһтың мәкірінен қорықпады ма? Аллаһтың мәкірінен зиянға ұшырайтын ел ғана қорықпайды», - деген, сондай-ақ Оның:
وَمَنْ يَقْنَطُ مِنْ رَحْمَةِ رَبِّهِ إِلا الضَّالُّونَ (٥٦)
«Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?!», - деген сөздері туралы
📜 «Аллаһ Тағала былай деді:
أَفَأَمِنُوا مَكْرَ اللَّهِ فَلا يَأْمَنُ مَكْرَ اللَّهِ إِلا الْقَوْمُ الْخَاسِرُونَ (٩٩)
«Сонда олар Аллаһтың мәкірінен қорықпады ма? Аллаһтың мәкірінен зиянға ұшырайтын ел ғана қорықпайды»
📖 «әл-Әғраф» сүресі, 99-аят
📜 Ол сондай-ақ былай деді:
وَمَنْ يَقْنَطُ مِنْ رَحْمَةِ رَبِّهِ إِلا الضَّالُّونَ (٥٦)
«Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?!»
📖 «әл-Хижр» сүресі, 56-аят
✍️ Ибн Аббас, Аллаһ ол екеуіне разы болсын, бірде (адамдар) Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) опат етуші күнәлар туралы сұрағандығын, әрі ол оларға былай деп жауап бергендігі туралы баяндады: «Бұл — Аллаһқа серік қосу, Аллаһтың рахымынан (көмегінен) үміт үзу және өзіңді Аллаһтың мәкірінен қауіпсіз сезіну»
📚 әл-Бәззар 106, және Ибн Аби Хатим өзінің тәпсірінде 5201
✍️ Ибн Масғуд, оған Аллаһ разы болсын, былай деді: «Опат етуші күнәлардың ең қорқыныштылары — бұл Аллаһқа серік қосу, өзіңді Аллаһтың мәкірінен қауіпсіз сезіну және Аллаһтың (рахымынан) көмегінен үміт үзу»
📚 Абдур-Раззақ 10/459, Хайсами 104/1
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 07.rabbyn' kim_denoised
📌 Жаңадан жазылған сабақ
❓ 12-сұрақ: Аллаһ адамдардан қандай келісім-шарт алды?
❓13-сұрақ: Осы үш келісім алынғандарға адамдардың қандай тобы кірмейді?
❓14-сұрақ: Аллаһ осы үш келісім алынғандардың қатарына кірмейтін адамдарды қалай сынайды?
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"

Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
8. Екінші негіз: Пенденің өз дінін білуі.
✍️ Ислам бұл бірқұдайшылықты (таухидты) ұстану арқылы Аллаһқа бойсұну, Оған мойынсұну арқылы бағынушылық таныту және ширк пен оны жасайтындарға қатыссыз болу. Оның (Ислам дінінің) үш дәрежесі бар: Ислам, Иман, және Ихсан. Әр дәреже өз тіректеріне ие.
Бірінші дәреже: Ислам.
Исламның тірегі бесеу:
1) «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ және Мухаммад - Оның Елшісі», - деп куәлік беру;
2) Намазды орындау (әс-соләт);
3) Зекет беру (әз-зәкәт);
4) Рамазан айында ораза ұстау (әс-соум);
5) Аллаһтың Қасиетті Үйіне қажылық жасау (әл-хәжж).
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 08.rabbyn' kim
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓15-сұрақ: Аллаһтың бар екенін не дәлелдейді?
❓16-сұрақ: Таухид әр-рубубиядағы қағидалар қандай?
❓17-сұрақ: Таухид әр-рубубия қандай негіздерден тұрады?
❓18-сұрақ: Таухид әр-рубубияға қатысты мұсылмандардың ақидасында қандай қателіктер бар?
Жаңа жазылған нұсқасы
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
9. Екінші негіз: Пенденің өз дінін білуі. Иман мен ихсанның түсіндірмесі.
✍️ Екінші дәреже: Иман . Оның жетпістен астам тармағы бар. Олардың ең жоғарғысы - «Лә иләһә илләЛлаһ» куәлігі. Ал ең төменгісі - жолдан адамдарға зиян тигізуі мүмкін болған нәрселерді алып тастау . Сондай-ақ ұялу да – иманның бір тармағы.
Иманның алты тірегі бар:
1) Аллаһқа иман келтіру;
2) Оның періштелеріне иман келтіру;
3) Оның Кітаптарына иман келтіру;
4) Оның елшілеріне иман келтіру;
5) Ақыретке иман келтіру;
6) Тағдырға: оның жақсылығы мен жамандығына иман келтіру. ...
Үшінші дәреже: Ихсан.
Оның тірегі біреу: Аллаһқа, оны көріп тұрғандай құлшылық ету. Сен Оны көре алмасаң (да), Аллаһ сені көріп тұр деген оймен құлшылық ету.
Audio
ABUHANIFA.KZ
📍ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһтың тағдырына сабыр ету – Оған иман келтірудің бір бөлігі болып табылатыны туралы.
📜 Аллаһ Тағала былай деді:
مَا أَصَابَ مِنْ مُصِيبَةٍ إِلا بِإِذْنِ اللَّهِ وَمَنْ يُؤْمِنْ بِاللَّهِ يَهْدِ قَلْبَهُ وَاللَّهُ بِكُلِّ شَيْءٍ عَلِيمٌ (١١)
«Кім Аллаһқа иман келтірсе, Ол оның жүрегін тура жолға салады. Аллаһ барлық нәрсені толық Білуші»
📖 «әт-Тағабун» сүресі, 11-аят
✍ Ғәлқома, Аллаһ оны рахымына бөлесін, осы аятқа қатысты былай деді: «Бұл басына бақытсыздық келіп түскен кезде, мұның Аллаһтан екенін білетін, әрі сондықтан да разы болатын әрі мойынсұнатын адам туралы айтылған».
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 09.rabbyn' kim
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓19-сұрақ: Қиямет күні болатын шапағаттың шарттары қандай?
❓20-сұрақ: Шапағаттың қандай түрлері бар?
📌 Жаңадан жазылған сабақ
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
10. Үшінші негіз:
Пайғамбарды (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) тану
✍🏼 Ол – Мухаммад ибн Абдуллаһ ибн Абдул-Мутталиб ибн Һашим. Һашим – құрайш тайпасынан, ал құрайш – араб тайпаларының бірі. (Құрайштық) арабтар – Исмаилдің ұрпағы, ал Исмаилдің әкесі – Аллаһтың сүйіктісі Ибраһим (оған және Пайғамбарымызға Аллаһтың ең ұлы және ең жақсы игілігі мен сәлемі болсын). Пайғамбарымыз (оған Алаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алпыс үш жыл өмір сүрді: пайғамбарлықтан бұрын қырық жыл, ал пайғамбар және елші болып жиырма үш жыл. «Әл-Ғәләқ» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол пайғамбар (нәби) , ал «әл-Муддассир» сүресінің алғашқы аяттарының түсуімен ол елші (расуль) болды. Туылған жері – Мекке.
Аллаһ оны адамзатқа оларды ширктен (Аллаһқа серік қосудан) сақтандыру үшін және бірқұдайшылыққа шақыру үшін жіберді.Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلۡمُدَّثِّرُ١ قُمۡ فَأَنذِرۡ٢ وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ٣ وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ ٤ وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ٥ وَلَا تَمۡنُن تَسۡتَكۡثِرُ٦ وَلِرَبِّكَ فَٱصۡبِرۡ٧﴾
«Әй оранушы! Тұр да, ескерт! Раббыңды ұлықта! Киіміңді тазала! Әр түрлі лас істерден аулақ бол! (Қылған ісіңді) міндет қылма. Раббың үшін сабыр ет» («әл-Муддассир» сүресі, 1-7-аяттар).
قُمۡ فَأَنذِرۡ - «Тұр да, ескерт!» сөздерінің мағынасы: ширктен сақтандырып (қайтарып), таухидке шақыр. وَرَبَّكَ فَكَبِّرۡ - «Раббыңды ұлықта!» - яғни Оны жалғыздау (таухид) арқылы ұлықта. وَثِيَابَكَ فَطَهِّرۡ - «Киіміңді тазала!» - яғни амалдарыңды ширктен тазарт. وَٱلرُّجۡزَ فَٱهۡجُرۡ - «Лас істерден аулақ бол!» - яғни пұттарды таста, пұттарға құлшылық етуден және оларға құлшылық ететіндерден аулақ бол!
Ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыған кірісті де, он жыл бойы таухидке шақырды. Ал он жылдан соң ол көкке көтерілді. Сол көкте оған бес уақыт намаз парыз етілді, әрі ол Меккеде үш жыл бойы намазды орындады. Содан соң ол Мәдина қаласына һижра жасауға бұйырылды....
Audio
ABUHANIFA.KZ
📍ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһтың тағдырына сабыр ету – Оған иман келтірудің бір бөлігі болып табылатыны туралы.
✍️ Муслимнің «Сахихында» Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені келтірілген: «Адамдардағы екі сипат күпірліктің көрінісі болып табылады: шыққан текті сөгу және өлген адамды жоқтау»
📚 Муслим, 67
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 10.rabbyn' kim
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓21-сұрақ: Аллаһ бізді не үшін жаратты?
❓22-сұрақ: Құлшылық не нәрсеге негізделеді?
❓23-сұрақ: Пайғамбарлар мен Елшілер не үшін жіберілді?
❓24-сұрақ: "Мәсәжид" сөзінің мағынасы қандай?
❓25-сұрақ: Дұғаның қандай екі түрі бар?
❓26-сұрақ: Жаратылғаннан көмек сұрауға болама?
✅ Жаңа жазылған сабақ
10.qabirdegi su'raqtar
<unknown>
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
11. Хижра
Хижра дегеніміз – бұл ширк (көпқұдайшылық) елінен Ислам еліне қоныс аудару.
Ширк елінен Ислам еліне көшу осы үмметке парыз, әрі ол Қиямет Күніне дейін жалғасады. Бұған дәлел – Аллаһтың мына сөздері:
﴿إِنَّ ٱلَّذِينَ تَوَفَّىٰهُمُ ٱلۡمَلَٰٓئِكَةُ ظَالِمِيٓ أَنفُسِهِمۡ قَالُواْ فِيمَ كُنتُمۡۖ قَالُواْ كُنَّا مُسۡتَضۡعَفِينَ فِي ٱلۡأَرۡضِۚ قَالُوٓاْ أَلَمۡ تَكُنۡ أَرۡضُ ٱللَّهِ وَٰسِعَةٗ فَتُهَاجِرُواْ فِيهَاۚ فَأُوْلَٰٓئِكَ مَأۡوَىٰهُمۡ جَهَنَّمُۖ وَسَآءَتۡ مَصِيرًا٩٧ إِلَّا ٱلۡمُسۡتَضۡعَفِينَ مِنَ ٱلرِّجَالِ وَٱلنِّسَآءِ وَٱلۡوِلۡدَٰنِ لَا يَسۡتَطِيعُونَ حِيلَةٗ وَلَا يَهۡتَدُونَ سَبِيلٗا ٩٨ فَأُوْلَٰٓئِكَ عَسَى ٱللَّهُ أَن يَعۡفُوَ عَنۡهُمۡۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَفُوًّا غَفُورٗا٩٩﴾
“«Періштелер өздеріне зұлымдық еткендердің (бұлар Меккеден көшпей қалғандар) жандарын алғанда: «Қандай жағдайда едіңдер?», - дейді. Олар: «Біздер бұл жерде шамасыз едік», - дейді. (Періштелер): «Аллаһтың жері сендер онда көшулерің үшін кең емес пе?», - дейді. Міне, бұлардың орны Тозақ болады. Бұл барар орын нендей жаман! Бұл тек шара қолдана алмайтын және тура жол таба алмайтын шамасыз еркектерге, әйелдерге және балаларға қатысты емес. Осындайларды Аллаһ кешіруі мүмкін, өйткені Аллаһ – Өте Кешірімді, Ерекше Жарылқаушы» («ән-Ниса» сүресі, 97-99 - аяттар).
Пайғамбарымыз Мәдина қаласына келіп орналасқан соң, оған Исламның басқа да құлшылықтары бұйырылды. Мысалы: ораза, зекет, қажылық, азан, жиһад, жақсылыққа бұйыру мен жамандықтан қайтару және басқалары.
Осыларды орындап, ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) он жыл өмір сүрді, кейін қайтыс болды. Ал оның діні қалды! Міне, осы – оның діні! Ол ешбір игілікті қалдырмастан үмметтіне толық жеткізді. Ешбір жамандықты қалдырмастан үмметін одан тыйды. Ол жеткізген игілік – бұл таухид және Аллаһ жақсы көріп, разы болатын барлық нәрсе. Ол қайтарған жамандық – бұл ширк және Аллаһ жек көретін барлық нәрсе. Аллаһ оны бүкіл адамзатқа елші етіп жіберді, оған бағынуды жындар мен адамдардың барлығына парыз етті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:
﴿قُلۡ يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ إِنِّي رَسُولُ ٱللَّهِ إِلَيۡكُمۡ جَمِيعًا ﴾
«(Әй Мухаммад:) «Уа адамдар! Ақиқатында, мен тұтас барлықтарыңа Аллаһтың елшісімін!», - деп айт» («әл-Әғраф» сүресі, 158-аят).
Аллаһ ол арқылы Өзінің дінін толық (кәміл) етті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына аяттары:
﴿ ٱلۡيَوۡمَ أَكۡمَلۡتُ لَكُمۡ دِينَكُمۡ وَأَتۡمَمۡتُ عَلَيۡكُمۡ نِعۡمَتِي وَرَضِيتُ لَكُمُ ٱلۡإِسۡلَٰمَ دِينٗاۚ ﴾
«Бүгін діндеріңді толық еттім, сендерге деген Өз нығметімді тәмамдадым және сендер үшін Ислам дініне разы болдым» («әл-Мәида» сүресі, 3-аят)».
Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүниеден өткеніне дәлел – Аллаһтың мына сөздері:
﴿إِنَّكَ مَيِّتٞ وَإِنَّهُم مَّيِّتُونَ٣٠ ثُمَّ إِنَّكُمۡ يَوۡمَ ٱلۡقِيَٰمَةِ عِندَ رَبِّكُمۡ تَخۡتَصِمُونَ ٣١﴾
«(Уа Мухаммад!) Расында, сен өлесің, олар да өледі. Сосын Қиямет Күні сендер Раббыларыңның алдында тартысасыңдар» («әз-Зүмәр» сүресі, 30-31 аяттар).
Адамдар өлген соң қайта тіріледі...
Ал тірілгеннен кейін, істеген амалдары үшін есепке алынады...
Кім қайта тірілуді жоққа шығарса, кәпір болады.
Бұған дәлел Аллаһтың мына сөздері:
﴿زَعَمَ ٱلَّذِينَ كَفَرُوٓاْ أَن لَّن يُبۡعَثُواْۚ قُلۡ بَلَىٰ وَرَبِّي لَتُبۡعَثُنَّ ثُمَّ لَتُنَبَّؤُنَّ بِمَا عَمِلۡتُمۡۚ وَذَٰلِكَ عَلَى ٱللَّهِ يَسِيرٞ٧﴾
«Кәпірлер: «Қайта тірілмейміз», - деп ойлайды. (Оларға) айт: «Раббыммен ант етемін! Сендер өлгеннен кейін әлбетте тірілесіңдер, кейін істегендерің жайлы хабар аласыңдар. Бұл Аллаһқа оңай!» («әт-Тағабун» сүресі, 7-аят).
Audio
ABUHANIFA.KZ
📍ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһтың тағдырына сабыр ету – Оған иман келтірудің бір бөлігі болып табылатыны туралы.
✍ Абдуллаһ ибн Масғуд, Аллаһ оған разы болсын, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені туралы баяндағаны жеткізіледі: «Өзінің бетінен ұратын, үстіндегі киімін жыртатын және жәһилиет кезіндегі сөздерді айтатын адам бізден емес!»
📚 әл-Бухари, 1294; Муслим 103
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 11.rabbyn' kim.
✅ Жаңа жазылған сабақ
❓27-сұрақ: Аллаһ Тағаланың қанша есімі бар?
❓28-сұрақ: Ғайып әлемі туралы қайдан білеміз?
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓27-сұрақ: Аллаһ Тағаланың қанша есімі бар?
❓28-сұрақ: Ғайып әлемі туралы қайдан білеміз?
11.qabirdegi su'raqtar
<unknown>
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
12. Аллаһ Тағала Елшілерді не нәрсемен жібергенін баяндау
«Аллаһ барлық елшілерді (Жәннатпен) қуандырушы, (Тозақтан) ескертуші етіп жіберді. Бұған Аллаһтың келесі сөздері дәлел:
﴿رُّسُلٗا مُّبَشِّرِينَ وَمُنذِرِينَ لِئَلَّا يَكُونَ لِلنَّاسِ عَلَى ٱللَّهِ حُجَّةُۢ بَعۡدَ ٱلرُّسُلِۚ وَكَانَ ٱللَّهُ عَزِيزًا حَكِيمٗا ١٦٥﴾
«Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа ешқандай сылтауы болмас үшін, Аллаһ елшілерді қуантушы және ескертуші етіп жіберді» («ән-Ниса» сүресі, 165-аят).
Олардың алғашқысы – Нух (оған Аллаһтың сәлемі болсын), ал ең соңғысы әрі пайғамбарлардың мөрі – Мухаммад (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) еді. Олардың ең алғашқысы Нух болғанына дәлел - Аллаһтың мына сөздері:
﴿۞ إِنَّآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَيۡكَ كَمَآ أَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰ نُوحٖ وَٱلنَّبِيِّـۧنَ مِنۢ بَعۡدِهِۦۚ وَأَوۡحَيۡنَآ إِلَىٰٓ إِبۡرَٰهِيمَ وَإِسۡمَٰعِيلَ وَإِسۡحَٰقَ وَيَعۡقُوبَ وَٱلۡأَسۡبَاطِ وَعِيسَىٰ وَأَيُّوبَ وَيُونُسَ وَهَٰرُونَ وَسُلَيۡمَٰنَۚ وَءَاتَيۡنَا دَاوُۥدَ زَبُورٗا١٦٣﴾
«Біз Нухқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей, саған да уахи еттік» («ән-Ниса» сүресі, 163-аят).
Аллаһ Нухтан бастап, Мухаммадқа дейін (оларға Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) елшілерді әрбір үмметке Өзіне ғана құлшылық етіп, тағутқа табынудан қайтару үшін жіберген еді. Бұған дәлел Аллаһтың келесі сөздері:
﴿وَلَقَدۡ بَعَثۡنَا فِي كُلِّ أُمَّةٖ رَّسُولًا أَنِ ٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَٱجۡتَنِبُواْ ٱلطَّٰغُوتَۖ فَمِنۡهُم مَّنۡ هَدَى ٱللَّهُ وَمِنۡهُم مَّنۡ حَقَّتۡ عَلَيۡهِ ٱلضَّلَٰلَةُۚ فَسِيرُواْ فِي ٱلۡأَرۡضِ فَٱنظُرُواْ كَيۡفَ كَانَ عَٰقِبَةُ ٱلۡمُكَذِّبِينَ٣٦﴾
«Расында, әр үмметке: «Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар, тағуттардан аулақ болыңдар», - дейтін елші жібердік» («ән-Нәхл» сүресі, 36-аят).
Аллаһ барлық құлдарына тағутқа күпірлік етіп, Өзіне ғана иман келтіруді парыз етті. Шейх Ибн әл-Қайим (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: «Тағут сөзінің мағынасы пенде сол арқылы рұқсат етілгеннің шегін бұзатын, не соған құлшылық ететін, не ізінен ілесетін немесе бағынатын кез-келген нәрсені қамтиды».
Тағуттар көп, бірақ олардың бастылары бесеу: Ібіліс (Аллаһ оны лағынет етсін); өзіне құлшылық етілуіне разы болушы; адамдарды өзіне құлшылық етуге шақырушы, ғайыпты (көместі) білетіні туралы жариялаушы, Аллаһ түсірген (шариғаттан) басқамен үкім етуші.
Бұған дәлел – Аллаһтың мына сөздері:
﴿لَآ إِكۡرَاهَ فِي ٱلدِّينِۖ قَد تَّبَيَّنَ ٱلرُّشۡدُ مِنَ ٱلۡغَيِّۚ فَمَن يَكۡفُرۡ بِٱلطَّٰغُوتِ وَيُؤۡمِنۢ بِٱللَّهِ فَقَدِ ٱسۡتَمۡسَكَ بِٱلۡعُرۡوَةِ ٱلۡوُثۡقَىٰ لَا ٱنفِصَامَ لَهَاۗ وَٱللَّهُ سَمِيعٌ عَلِيمٌ ٢٥٦﴾
«Дінде зорлық жоқ. Расында, тура жол адасудан ажыратылды. Сонда кім тағутқа күпірлік етіп, Аллаһқа иман келтірсе, ол үзілмейтін берік тұтқадан ұстап алды. Аллаһ – Естуші, Білуші» («әл-Бақара» сүресі, 256-аят).
Міне осы «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ» куәлігінің мағынасы.
Хадисте айтылғанындай: «Бұл істің (діннің) негізі – Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы жиһад» (әт-Табәрони «әл-Кәбир»).
📌Ал Аллаһ бұл туралы жақсырақ біледі!»
Аллаһтың мейірімімен осы кітап бойынша дәрістер топтамасы аяқталды.
Audio
ABUHANIFA.KZ
📖 Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету кітабы
✍ Әнастың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Расында, сынақ үлкен болған сайын сый-сауап та үлкен болады. Әрі егер Аллаһ Тағала әлдебір қауымды жақсы көрсе, оларды сынайды. Сонда кім разылық танытса, соған разылық болады, ал кім наразы болса, соған (Аллаһтан) наразылық болады»
📚 әт-Тирмизи 2398, Ибн Мәжаһ 4021
📍ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһтың тағдырына сабыр ету – Оған иман келтірудің бір бөлігі болып табылатыны туралы.
✍ Әнастың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Расында, сынақ үлкен болған сайын сый-сауап та үлкен болады. Әрі егер Аллаһ Тағала әлдебір қауымды жақсы көрсе, оларды сынайды. Сонда кім разылық танытса, соған разылық болады, ал кім наразы болса, соған (Аллаһтан) наразылық болады»
📚 әт-Тирмизи 2398, Ибн Мәжаһ 4021
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 12.rabbun' kim
Жаңадан жазылған сабақ
❓29-сұрақ: Аллаһтың Аршыға қалай көтерілгені бізге белгілі ме? Не үшін?
✅ Аллаһ Тағаланың көктерден Жоғарыда, Өзінің жаратылыстарынан бөлек екеніне Құраннан, Сүннеттен, сахабалардың сөздерінен дәлелдер әрі имам Абу Ханифаның осы мәселедегі ақидасы.
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓29-сұрақ: Аллаһтың Аршыға қалай көтерілгені бізге белгілі ме? Не үшін?
✅ Аллаһ Тағаланың көктерден Жоғарыда, Өзінің жаратылыстарынан бөлек екеніне Құраннан, Сүннеттен, сахабалардың сөздерінен дәлелдер әрі имам Абу Ханифаның осы мәселедегі ақидасы.
Audio
ABUHANIFA.KZ
📖 Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету кітабы
✍ Әнастың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Егер Аллаһ өз пендесіне жақсылық қаласа, Ол оның осы дүниедегі жазасын тездетеді. Ал егер Аллаһ Тағала Өзінің пендесіне жамандық қаласа, Ол оны істеген күнәсі үшін жазалауын Қиямет Күніне қалдырып қояды».
📚 әт-Тирмизи, 2398, Ахмад 87/4, Хаким 349/1.
📍ОТЫЗ БЕСІНШІ ТАРАУ:
🌘 Аллаһтың тағдырына сабыр ету – Оған иман келтірудің бір бөлігі болып табылатыны туралы.
✍ Әнастың, оған Аллаһ разы болсын, сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізілген: «Егер Аллаһ өз пендесіне жақсылық қаласа, Ол оның осы дүниедегі жазасын тездетеді. Ал егер Аллаһ Тағала Өзінің пендесіне жамандық қаласа, Ол оны істеген күнәсі үшін жазалауын Қиямет Күніне қалдырып қояды».
📚 әт-Тирмизи, 2398, Ахмад 87/4, Хаким 349/1.
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 5a_qabirdegi_suraqtar
📖🎙 Имам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірдегі сұрақтар" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
7. Ғибадаттың кейбір түрлері туралы (жалғасы)
Жаңа жазылған лекция
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 13.rabbyn kim
🎤📚 Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓30-сұрақ: Имам Малик Аллаһтың Аршыға көтерілгені туралы не айтты?
❓31-сұрақ: Мухкам және муташабиһ аяттардың арасындағы айырмашылық неде?
❓32-сұрақ: Әшғарилер Аллаһтың қандай сипаттарын мойындайды, басқаларын не үшін жоққа шығарады?
❓33-сұрақ: Таухид әл-әсмаи уәс-сифатта қандай қағида бар?
✅ Жаңадан жазылған сабақ

📍 ОТЫЗ АЛТЫНШЫ ТАРАУ:
🌒 Көзбояушылық (рия) туралы
📜 «Аллаһ Тағала былай деді:
قُلْ إِنَّمَا أَنَا بَشَرٌ مِثْلُكُمْ يُوحَى إِلَيَّ أَنَّمَا إِلَهُكُمْ إِلَهٌ وَاحِدٌ فَمَنْ كَانَ يَرْجُو لِقَاءَ رَبِّهِ فَلْيَعْمَلْ عَمَلا صَالِحًا وَلا يُشْرِكْ بِعِبَادَةِ رَبِّهِ أَحَدًا (١١٠)
“(Мухаммад, адамдарға:) «Шынында мен де сендер сияқты адаммын. Маған Құдайларың Жалғыз Құдай екендігі уәхи етілуде. Кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сол салиқалы амал істеп, Раббысына жасаған құлшылығында Оған ешкімді серік қоспасын», - де”
📖 «әл-Кәһф» сүресі, 110-аят